Бекболат Тілеухан үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысына орай баспасөз мәслихатын өткізді
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысына орай баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиында көкпардан өзбек спортшыларынан жеңілген ұлттық құрамаға қатысты әлеуметтік желідегі видеолар мен жазбаларға түсініктеме берді.
Бұл біздің шабандоздардың қырғыз журналистеріне берген сұхбаты. Көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспановтың айтуынша, аталған видео 2016 жылы финалдан кейін түсірілген. Ол кезде қырғыздардан жеңілгенбіз. Жігіттердің айтқанынан аңғарғанымыз, дайындықтың тиісті деңгейде болмағаны анық. Көпшілік елдігіміз сыналатын мұндай сайыстарға селқос қараған құзырлы органдарға өкпелі. Ал, биылғы жартылай финалдағы жеңілістің жөні бөлек. Өйткені, жарысқа жастар құрамасы қатысқан.
Ерлен Оспанов, Көкпар федерациясының президенті:
-Атақты спортшылар ғана барады, басқалар бармайды деген сөздер де болған. Біз осы жолы көрсеттік. Жалпы жігіттерге алғысымызды айтамыз. Бұл жолы да жақсы ойын көрсеттік.
Бұл биылғы видео. Сөйлеп тұрған көкпардан Қырғызстан құрамасының мүшесі. Біздің мамандардың айтуынша, осыны пайдаланып, одан саяси астар іздеуге болмайды. Себебі, бұл екі ел шабандоздарының арасында болған әңгіме. Кімге керек болғаны белгісіз, материал өңделіп салынған. Бүгінгі жиында «салаға 200-250 млн. доллар бөлінеді екен» деген жазбаларға түсініктеме берілді.
Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
-Ашығын айтайын, осы уақытқа дейін 200 миллион теңге бөлінді. 40 пайызға жуығы жүлде қорына кетті. Оны білу қиын емес. Жеңіс тұғырында тұрған спортшылар қолына сертификатты ұстап тұр ғой. Сонда санап алсаңыздар, сол соманың 30-40 пайызы шығады.
Біз тек көкпарға қатысты туындаған дау жайлы айтып отырмыз. Жалпы, Шолпан-Атада өткен үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы нәтижеміз көңіл қуантарлық. Жалпы командалық есепте сексеннен астам елдің ішінен 2-ші орынға тұрақтадық.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы