Еліміздегі жастардың 9,5% жұмыссыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі жастардың 9,5% жұмыссыз отыр

10.09.2018

Еліміздегі жастардың 10 пайызға жуығы жұмыссыз отыр. Оларға  нәтижелі жұмыспен қамту үшін мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетіледі. Мысалы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің студенттері өздері қолдан жасаған өнімдерін сатып, пайда таба алады. Бұл туралы арнайы заң да қабылдаған. Бүгін Парламент депутаттары Астанадағы политехникалық колледжге барып, осы мәселеге қатысты көшпелі отырыс өткізді. Жиыннан кейін ел қалаулылары жас шеберлердің еңбектерімен танысты. Сапасы шетелдік тауарлардан еш кем түспейтін түрлі техникалар мен құрылыс заттарға депутаттар оң бағасын берді.

«Отандық өнімге жасалған мемлекеттің мұндай қолдауы, студенттердің техникалық ғылымға деген ынтасын арттырады»,- дейді олар.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Елбасы тарапынан оқушыларға жасылып жатқан қолдау шаш етектен. Барлық жағдай жасалып жатыр.

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу