Ақмола облысында мектептерге автобустар берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мектептерге автобустар берілді

24.08.2018

Ақмола облысында мектептерге оқушыларды тасымалдауға арналған автобустар берілді. Көлік кілттері аудандық білім бөлімдерінің жетекшілеріне табысталды. Аймақта 6 мыңға жуық бала білім алу үшін өзге елді мекендерге қатынап оқиды. Облыс бойынша 141 ауылда мектеп мүлдем жоқ.  95 елді мекенде бастауыш және негізгі мектеп қана бар. Сондықтан, ауылдық жерлердегі оқушыларды автобуспен қамту үшін 20 автобус бөлініп отыр. Осы мақсатта 285 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Ақмарал Ысқақова, Жарқайың аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

Биыл біздің мектеп оқушыларын қамтитын автобус беріп жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл оқушылардың тұрақты түрде білім алуына жағдай жасайды. Әсіресе, ата-аналар ерекше қуанып отыр. Білім беру саласына қашан да қолдау үлкен. Осы саланың маманы ретінде бұл бізді қуантады.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу