Ел аумағында 411 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағында 411 адам құтқарылды

21.01.2014
Ел аумағында 411 адам құтқарылды

Өткен тәулікте бораннан ел аумағында 411 адам құтқарылды. Оның 18-і балалар. Сондай-ақ, 103 техника, 7 қалааралық автобустар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің көмегімен қалың қардың құрсауынан шығарылды.

 
Ақмола облысы бойынша 230 адам, 88 техника, Ақтөбе облысында 135 адам мен 8 техника боранды күні далада қалып қойса, Қарағандыда жолға шыққан 20 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
 
Алдағы күндері аталған өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында құтқару штабтары құрылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындардың боранды күндері жолға шықпауын ескертеді.
 

Хабарламаларға жазылу