ШҚО-дағы мектептерге жаңа автобустар берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы мектептерге жаңа автобустар берілді

15.12.2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстанда 22 мектепке жаңа автобустар пайдалануға берілді. Daewoo маркілі автобустар Семейдегі көлік құрастыру зауытында шығарылған. Барлық заманауи талаптарға сай. Жалпы, бүгінде облыста мектептері жоқ 384 елді мекеннен жақын маңдағы ауылдарға балаларды тасымалдау үшін 193 автобус бөлінген.

Самал Дауытбаева, Тарбағатай аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Тарбағатай ауданы бүгін екі автобусқа қол жеткіздік. Өте қуаныштымыз. Енді бұл автобуспен біздің жақын ауылдағы балалар тасымалданатын болады. Көп-көп рахмет!

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу