Елордада электр автобустар пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада электр автобустар пайдалануға берілді

02.01.2020
Елордада электр автобустар пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтанда 1 000 электр автобус пайдалануға беріледі. Оның 15-і бүгін жолға шықты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов электроавтобустардың техникалық жай-күйімен танысты. 

«Жайлы әрі дыбыссыз электр автобустардың басты артықшылығы - атмосфераға зиянды қалдық шығармайды және үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни дизель қозғалтқышпен салыстырғанда автобус паркіне 80% жанармайды үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп жазыды ол Instagram-дағы парақшасында.

Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен және баласы бар жолаушыларға арналған орындармен жабдықталған. Орындықтардың тұсында мобильді телефондарды қуаттауға болады. 

Электравтобустар қазақстандық «СарыарқаАвтоПром» компаниясында құрастырылған. Жаңа автобус автопаркті жаңартуға, аялдамадағы күту уақытын, интервалды азайтуға мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу