Алдағы күндері Астанада күн жауын-шашынды болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері Астанада күн жауын-шашынды болады

14.07.2014
Алдағы күндері Астанада күн жауын-шашынды болады

Алдағы күндері Астанада күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді.

Бұл туралы Қысқа мерзімді болжамдар басқармасына сілтеме жасап, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Бүгін күндіз сынап бағанасы +16+18°С, түнде +8+10°С көрсетеді. Ертең, 15-шілдеде ауа температурасы +18+20°С, түнде +8+10°С болады.

Синоптиктердің болжамынша, 16-шілдеде ауа температурасы күндіз +22+24°С, түнде +9+11°С дейін жылынады.

Сонымен қатар, үш күн бойы солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Хабарламаларға жазылу