Алдағы күндер аязды болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндер аязды болады

06.01.2014
Алдағы күндер аязды болады
 
Құтқарушылар күннің күрт суытуынан көліктері сөніп, далада қалып қойған 120 жолаушыны қауіпсіз жерге жеткізді. Қатты аяздан Ақмола облысының аумағында 3 бірдей қалааралық бағыттағы автобустың қозғалтқышы істен шыққан.
 
Айта кету керек, Астанадан Павлодарға бағыт алған автобустың ішінде болған жолаушылардың 20-сы - балалар. Ауа райын болжаушылар елімізде аязды күн райы әлі де сақталатынын ескертеді.

Хабарламаларға жазылу