Жамбыл облысында орман өрті 3 тәуліктен бері өшкен жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында орман өрті 3 тәуліктен бері өшкен жоқ

08.08.2018

Жамбыл облысының таулы аумағында 5 тамыз күні басталған өрт әлі ауыздықталған жоқ. 177 адам мен 25 бірлік техника жұмылдырылғанмен, қызыл жалын дес берер емес. Өрт орнында жедел штаб жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге және тау басына қажетті күш, құралдарды жеткізу үшін Алматы қаласынан арнайы тікұшақ та келді. Жалын шарпыған аумаққа әуеден су тасталды. Құрғақ шөптердің жану ошақтары әлі де орын алуда. Қырғызстанмен шекаралас аумақта орын алған өрт 200 гектар аумақты шарпыды. Ал, көршілес Талас облысының төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше, ол жақта дала өртінен шамамен бір мың гектар аумақ жанып кеткен. Өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу