Биыл 3 мың қазақстандық қажылыққа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 3 мың қазақстандық қажылыққа барады

08.08.2018

Одан бөлек, 55 адамға қосымша миссияға квота берілді. Олардың ішінде имамдар, дәрігерлер, турфирмалардың жауапты тұлғалары бар. Бес парызының бірін өтеушілер тамыздың 9-ы мен 15-і аралығында Сауд Арабиясына барып, қыркүйектің 1-іне дейін елге оралады. Қажылықты ұйымдастыруға 18 туристік компания бекітілді. Отандастарымыз қазақстандық «SCAT» және арабиялық «Fly Nas» әуе компаниялары арқылы ұшады. Сондай-ақ, қауіпті індеттердің алдын алу үшін азматтарға екпе егу міндеттелді. Құны 28 мың теңге тұрады. 

Серікбай Ораз, Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы:

- Виза мәселелері толық шешілді. Биылғы ерекшелік – 4 қаладан тікелей рейспен қасиетті Мекке, Джитта және Медина қалаларына тікелей ұшуға мүмкіндік жасалынды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу