Бүгін еліміз бойынша медиация күні аталып өтіп жатыр. Халық көп жиналатын орындарда, базарларда, үлкен ұйымдарда арнайы жиын өткізіліп, тұрғындарға бітімгершіліктің тиімді тұстары түсіндірілді. Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен өткен басқосуда дауды сотқа дейін жеткізбей шешу, қос тарап үшін де тиімді болатыны айтылды. Себебі, үшінші жақ соттың айтқан үкімі емес, қатысушылардың өз қалаулары бойынша ымыра жасалады. Үкім шығарушы органдардың жұмысына да біршама жеңілдік жасалады.
Досмұхамед Нұрахмед, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы:
- Медиация бізге қажетті ұғымдардың бірі. Қазаққа тыстан келген ұғым емес. Ата-бабамыз баяғыдан қолданып келе жатқан бітімгершілік. Мақсат - соны жандандыру. Біздің ұлтымыздың бойындағы артықшылықтарды көрсету.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.