Көкшетауда кіші индустриалды аймақ ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда кіші индустриалды аймақ ашылды

03.08.2018

Бұл Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Қамқор Автосервис» серіктестігінің ортақ жобасы. Қос тарап арнайы меморандум да бекітті. Кіші индустриалды аймақ дегеніміз - инфрақұрылыммен толық жабдықталған өндірістік ғимараттар мен кеңселер. Жалпы аумағы 3,5 гектарды алып жатыр.

Ал, ғимараттардың ауданы  4 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. Бұл жерге теміржол және қажетті коммуникацияның барлығы тартылған. Жылу жүйесіне қосылған өндірістік қоймалар да бар. Жобаларын бастаған кәсіпкерлерге палата тарапынан бухгалтерлік, заң және салық жағынан кеңес беру жұмыстары жүргізілмек. Кіші индустриалды аймақ аумағы жеңілдікпен жалға беріледі. Алғашқы 2 ай тегін. Одан кейін төлемақы нарықтық бағадан төмен болмақ. 

Тимур Нахипбеков, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры:

Құрылысқа көп шығын кетеді. Сондықтан, жас кәсіпкерге қаржыны техникаға жұмсауға мүмкіндік ашылады. Ал, өндірісін біздің кіші индустриалды аймаққа орналастырады.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу