Қызылорда облысында кәсіпкерлікке кедергі жоқ

12.08.2014
Қызылорда облысында кәсіпкерлікке кедергі жоқ

Басқа облыстармен салыстырғанда, Қызылорда облысында биыл қайта өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өсім бар.

Облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға биыл республикалық қазынадан қыруар қаржы бөлініп, тек жарты жылда 5700 жұмыс орны ашылды.

Шалғайдағы Шиелінің өзінде қазір 3500 белсенді кәсіпкер тіркелген.

Бұдан бөлек, қазір аудан орталығында индустриалды аймақ құрылды.

Қазірдің өзінде кірпіш күйдіру зауыты мен балық шаруашылығы және бал арасын өсіру секілді бизнес-жобалар мақұлданды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу