Астанада Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары қатысушыларының төртінші съезі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары қатысушыларының төртінші съезі өтті

19.07.2018

Жиын барысында кедендік рәсімдерді жеңілдету шаралары талқыланды. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік жеңілдіктерге ықпалы сөз болды. Форумға «Атамекен» палатасы өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен қоса 100-ден астам маман қатысты.

Кездесуге келгендердің ішінде Дүниежүзілік еркін экономикалық аймақтар федерациясының президенті де болды. Шетелдік экономист «Жаңа Жібек жолының цифрлік аймағындағы Қазақстанның стратегиялық маңызы» атты жобасын ұсынып отыр. 

Хуан Торрентс, Дүниежүзілік еркін экономикалық аймақтар федерациясының президенті /Швейцария/:

- Бұл жоба Қытайдан бастап Португалияны, Ангияны қамтиды. Қазақстан, Беларусь елін де қостық. Қазақстан үшін инвестиция тартуға мықты тәжірибе мен мүмкіндік болатын жоба. Жалпы, Қазақстанға осымен 4 жыл қатарынан келіп, осындай съездерге қатысып жүрмін. Бұл форумда арнайы экономикалық аймақтың техникалық жағы талқыланды. Арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бас форум қазанда Женевада өтеді және оған әлемнің 170 елінен өкіл қатысады. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.           

Хабарламаларға жазылу