«Еуроодақ-Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуроодақ-Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» байқауы қорытындыланды

26.06.2018

Отандық тілшілер арасындағы «Еуроодақ-Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты байқау қорытындыланды. 6 жеңімпаз енді Брюссельде бір апталық тағылымдамадан өтеді. Үздіктер қатарында «Қазақстан» телерадио корпорациясы Атырау облыстық филиалының қызметкері Орынгүл Бектілеуова да бар. Байқау Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған. 2 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы тілшілер бәйгесіне 32 жұмыс қабылданған.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу