Астанадағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өтті. Болашақ әскери мамандарды даярлайтын мектеп қабырғасынан биыл 137 шәкірт түлеп ұшты. Салтанатты жиында түлектерге аттестаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. Шараға соғыс ардагерлері, ата-аналар мен еліміздің Қарулы Күштерінің қызметкерлері қатысты. Еліміздің әр аймағынан келген «жасұландықтардың» ендігі мақсаты Отанына адал қызмет етіп, Қазақстанның әскери жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыру.
Ердаулет Ақтөре, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің түлегі:
- 2016 жылдың тамыз айында осы «Жас Ұлан» республикалық мектебіне қабылданған болатынбыз. Сол күннен бері міне, екі жыл өтіп кетті. Бізде қазір аздап болсын толқу, қобалжу бар. Өйткені, мектеп екінші үйіміздей болып кетті. Әрі қарай жоғарғы әскери оқу орнына бару үшін бұл мектеп бізді дайындады және біз әрі қарай соңына дейін жетуге тырысамыз.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.