Дәурен Абаев: Мыңнан астам ауыл интернетке қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев: Мыңнан астам ауыл интернетке қосылады

15.06.2018

Мыңнан астам елді мекенге жылдам интернет тартылады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Бұл мақсатқа қол жеткізген соң ауылдағы ағайынның бірқатар мәселесі шешілмек. Мәселен, шаруашылықтарда соңғы технологияларды енгізу, білім мен медицина сапасын арттыру және де мемлекеттік қызметтер саласын дамыту. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 13 млн-дай тұрғыны бар екі мыңнан астам елді мекен жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев журналистерге халықпен өткізген есептік кездесуінің қорытындысын баяндап берді. Министрдің блогына түскен сұрақтар мен шалынған қоңыраулардың саны 30-дан асады. Сауалдардың дені өңірлерден жолданған екен.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Бұл сұрақтардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына байланысты болып табылады. Сондай-ақ, ұялы байланыс операторларының жұмысына, БАҚ туралы заңға қатысты және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты қойылды.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу