Еуразия ұлттық университетінде заманауи журналистиканың бағыты сөз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия ұлттық университетінде заманауи журналистиканың бағыты сөз болды

08.06.2018

«Заманауи журналистика: жаңа трендтер». Еуразия Ұлттық университетінде осындай атаумен халықаралық ғылыми-әдеби конференция өтті. Шара ҚР Президентінің алғашқы баспасөз хатшысы, профессор Ғаділбек Шалахметовтың 75 жылдығына орайластырылды. Аға буын өкілдері бұрынғы және қазіргі журналистиканы салыстырып, қай бағыттағы жұмыстарды жетілдіру керек екендігін айтты. Әсіресе, болашақ тілшілерге, стунденттерге білім бергенде саланың бүгінгі талабын ерекше ескеру керек екендігін айтты. 

Ғаділбек Шалахметов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры:

- Журналистке ең керегі - жалған ақпарат таратпау. Қалғаны тәжірибемен келеді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу