Еуразия Ұлттық университетінде болашақ педагогтардың жұмысқа орналасу тетіктері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия Ұлттық университетінде болашақ педагогтардың жұмысқа орналасу тетіктері талқыланды

22.11.2017

Астанада Еуразия Ұлттық университеті мен бірқатар мектептің ұжымы бір жиында бас қосты. Ондағы мақсат - студенттерді жұмыспен қамту. Себебі, Еуразия Ұлттық университетінде педогог мамандығының 8 бағыты бар. Сол бағыттар бойынша диплом алған студенттер мектептерде мұғалім болуға жолдама алады. Ал, ол процесс жеңіл әрі кедергісіз болмақ үшін тараптар байланысты бекем етіп, ынтымақты арттырған. Жиын барысында да, болашақ педагогтардың жұмысқа орналасу тетіктері талқыланды.

Шамен Палымбетов, Академиялық мәселелер департаментінің директоры:

- Әрбір білім бағдарламаларын бекіткен кезде жұмыс берушілерді шақырамыз. Ол жағдайда да мектептің мұғалімдері, басшылары қатысып, өздерінің ұсыныстарын береді.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу