Журналистика мамандығына түсетін жастар саны көбеюде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистика мамандығына түсетін жастар саны көбеюде

14.03.2023

Жыл сайын журналистика факультетіне оқуға түсетін таланты жастар саны артып келеді. Демек, журналист мамандығы ақпарат ғасырында жоғары сұранысқа ие бола бермек. «Жаһандану кезеңіндегі заманауи телерадио журналистиканың даму тенденциялары» деп аталатын конференция барысында отандық журналистиканың өткір мәселелері талқыланды. Шараға қоғам және мелекет қайраткерлерімен қоса сала ғалымдары да қатысты. Мінберге шыққан спикерлер эфирге шыққанына 65 жыл толған Қазақстан ұлттық арнасының меретойын атап өтті. Айта кетейік, Еуразия ұлттық университеті мен «QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясы арасында әріптестік туралы келісім бар. Соған сай, болашақ журналистер корпорацияға тиесілі арналар мен радиода тәжірибеден өтіп, өз орнын тапқан кешегі студенттерде баршылық.

Серікзат Дүйсенғазы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің кафедра меңгерушісі:

Журналистика ел барда, халық бар да, жер шары аман тұрған кезде тоқтамайтын процесс. Ақпарат тоқтамайды. Қоғамның қозғаушы күші. Мәдениет басқа да салаларға ықпал етуші күш.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу