Серікбол Мүсінов: Менингит дертінен сақтанудың ең тиімді жолы - медициналық бетперде кию - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серікбол Мүсінов: Менингит дертінен сақтанудың ең тиімді жолы - медициналық бетперде кию

05.06.2018

Менингит дертінен сақтанудың ең тиімді әрі өте арзан жолы - медициналық бетперде кию.  

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мүсінов осыны айтты. Оның сөзінше, дертке қалқан болатын тұмшалағыш киіп жүрген абзал. Яғни, медициналық маска. Нарықтағы бағасы 20-50 теңге тұрады. Сондай-ақ, қоғамдық көлікке мінгенде де тағып алған жөн. Өйткені, ауру ауа арқылы жұғады.

Серікбол Мүсінов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Менингококк инфекциясы бір-екі минуттың ішінде жұғуы мүмкін емес. Қоғамдық көлікпен жүргеннің өзінде сақтық керек.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу