Алматыда «Верить и жить» атты ІІІ әлеуметтік-медициналық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Верить и жить» атты ІІІ әлеуметтік-медициналық форумы өтті

19.11.2018

Алқалы жиында әртүрлі онкологиялық патология бойынша анықталған науқастардың сол дерттен кейінгі өмірі туралы баяндалды. Сонымен қатар, ақ халаттылар қатерлі індеттің алдын алу үшін алда қандай міндеттер тұрғанын және онымен күресудің жолдарын талқылады. Себебі, қазір пациенттердің көбі ауруы асқынғаннан кейін ғана дәрігердің көмегіне жүгінеді. Ал, мұндай жағдайда адам өмірін құтқару қиынға түседі. «Сондықтан, аурудан сақтанудың ең тиімді жолы - жылына екі рет скринингтік тексеруден өту керек», -дейді мамандар. 

Айнагүл Қуатбаева, медицина ғылымдарының кандидаты, эпидемиолог:

-Бүгінде обыр ауруларының бүкіл Жер шарында, сонымен қатар елімізде де өте өзекті мәселе болып отырғаны бәрімізге белгілі. Осы обыр ауруларының алдын алу мақсатында мемлекетімізде скрининг бағдарламасы өте жоғары түрде өтіп жатыр.

 

 Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу