«Самұрық-Қазына» қоры жастарға тағылымдамадан өтуді ұсынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» қоры жастарға тағылымдамадан өтуді ұсынуда

04.06.2018

Оқу бітіріп, жұмыс таппай жүрген жастарға тағы бір мүмкіндік. Диплом алғанына 3 жыл болмаған, ІТ саласының мамандарын «Самұрық-Қазына» қоры жинап, еншілес компанияларда тағылымдамадан өткізбек. Маусым айы бойы жастарды іріктеу өтеді. Өтінім білдіргендердің ішінен тек лайықтылары ғана ірі компанияларда өз біліктіліктерін шыңдайды. Тағылымдама қыркүйек айының соңына дейін жүреді. 

Айнұр Аманжолова, Адам ресурстарын басқару департаментінің HR бизнес серіктесі:

- Астанада көп компания тағылымдамадан өтушілерді іздеп жатыр. 8-9 орынға Алматы, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан студенттерді іздейміз. Өзін жақсы көрсетсе, жұмысқа орын табылатын шығар деп үміттенемін. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу