«Цифрлық жаз-2019» тағылымдама бағдарламасының ІІ толқыны басталды

19.03.2019

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорында айтылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты - ІТ саласының дамуына үлес қосу.

Бастама өткен жылы жақсы нәтиже көрсетті. 72 жас маман тағылымдамадан өтіп, оның 33-і жұмысқа қабылданды. Тағылымдама шілденің 17-сі мен тамыздың 29-ы аралығында Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар және Атырау қалаларында өтеді. Өтінім беру кезеңі 7 сәуірге дейін жалғасады. Қатысу үшін кәсіби тәжірибенің болуы міндетті емес.

Биыл бағдарламаға 3 жаңашылдық енгізілген. Жаңа талаптарға сәйкес оқу орнын бітірген мамандардан бөлек, бакалавриаттың 3-ші, 4-курс және магистратураның 1-ші, 2-курсында оқитын студенттер қатысуға мүкіндік алады. Бұдан бөлек, шәкіртақы беріледі және білім сапасын тексеретін 4 деңгейден құралған іріктеу процесі жүргізіледі.

Айнұр Аманжолова «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ HR бизнес әріптесі:

- Бірінші кезеңде біздің ресми сайтымызға өздерінің өтініштерін тастау керек. Екінші кезеңде қызықтырылған ІТ бағытына арналған тапсырмаларды шешуі керек. Үшінші кезеңде қабілеттілігін тексеретін тапсырмаларды шешеді.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу