Ресейде Астананың мерейтойына арналған сурет байқауы мәресіне жетті

01.06.2018

«Астана – армандар орындалатын қала». Осындай атаумен Ресейде ұйымдастырылған балалардың сурет байқауы өз мәресіне жетті. Бұл шара елорданың 20 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылды. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында шығармашылық сайыстың жеңімпаздары Мәскеу қаласында марапатталды.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі, Астрахань, Қазан, Омбы және Санкт-Петербург шаһарларындағы консулдық мекемелері және ресейлік қазақтардың қоғамдық ұйымдары бірлесіп өткізген байқауға 30-ға тарта бала қатысты. Олардың арасында омбылық Диляра Мұсаева бас жүлдені иеленді. 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу