Ресейде «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған балалардың сурет байқауы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған балалардың сурет байқауы аяқталды

21.06.2017

Сайыс Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің бастамасымен және Қазан, Санкт-Петербург, Омбы, Астрахан қалаларындағы Бас консулдықтардың қолдауымен ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі, Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығында өтті. 4 айға созылған байқау көрші елдегі қазақ диаспорасы тұратын аймақтардың барлығын қамтыды. Оған 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Бірнеше кезеңде іріктелген жұмыстардың ішінде әртүрлі жастағы номинация бойынша барлығы 10 жеткіншек арнайы дипломмен марапатталып, түрлі сыйлыққа ие болды. 

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу