Астанада дәстүрлі KADEX-2018 әскери қару-жарақ көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дәстүрлі KADEX-2018 әскери қару-жарақ көрмесі басталды

23.05.2018

150-ден астам әскери техника мен соңғы үлгідегі әуе кемелері. Бүгін Астанада дәстүрлі KADEX-2018 әскери қару-жарақ көрмесі басталды. Оған әлемнің 28 елінен 300-ден астам кәсіпорын қатысуда.

Айта кету керек, биыл шараны алғаш рет жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастыруда. Сондықтан да болар, биыл ғарыш саласына арналған бірнеше шара бар. Атап айтсақ, биыл көрмеде алғаш рет «Қазақстанның ғарыш күндері» форумы мен Еуразиялық аэроғарыш конгресі өтеді. Онда ғарыш пен әскери техника шығару және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, 50 құжат бекиді. Сондай-ақ, Қазақстан Ғарыш тақырыбына арналған дербес павильон ұсынады. KADEX-те 10 павильон бар. Оның ішінде Түркия, Қытай және Ресей жеке павильон жасақтады. Салтанатты ашылу рәсіміне Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Президент форум қатысушыларына сәттілік тілеп, көрменің ту көтеру рәсіміне қатысты. Қарапайым халық көрме алаңына бүгін-ертең келе алмайды. Себебі, жабық ресми шаралар жоспарланған. Есесіне, сенбі-жексенбі күндері ашық. Соңғы үлгідегі техника мен әуе кемелерін осы жерден көруге болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу