Алматылық оқушылар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық оқушылар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

02.05.2018

Олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыратын тағылымды шарада ардагерлер бастарынан өткен қиын кезеңді, есте қалған қызықты сәттерін әңгімеледі. Шәкірттер де көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы сарбаздардың ерлігі мен жау əскерлерінің қақтығыстары бейнеленген фильм көрсетілді. Оқушылар ауған жауынгерлеріне арналған өлеңдер оқып, жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген жандарға сый-құрмет көрсетті. Ал, ардагерлер от пен оқтың ортасында жүргенде өздерін жігерлендіріп, Отанға деген ыстық сезімін оятқан жалынды әндерді шырқады.

Әли Дауылбек, «Абырой» Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының төрағасы:

- Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара біздің өз армиямызды қолдауға арналады. Қарулы күштер қатарында қызметте жүрген офицерлерді, жауынгерлерді, сержанттарды мерекелерімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ұзақ, бақытты өмір және әскери дайындықта сәттілік тілейміз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу