Ақтөбеде студенттер мен сарбаздар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде студенттер мен сарбаздар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

15.02.2022

Бүгін – кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Осы атаулы датаға орай Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова музейінде студенттер мен сарбаздар ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Аға буын өкілдері жастарды Отанды құрметтеуге, қорғауға үндеді. Қазір облыста ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен құрылған бірнеше бірлестік бар. Олар бүгінгі жас ұрпақтың тәрбие жұмысына барынша атсалысып келеді. Тағы бір келелі кездесу «Геолог» мәдениет үйінде де өтті. Жоғарғы сынып оқушылары «Құрмет» орденінің иегері, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаевтың әсерлі әңгімелерін тыңдады. Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, жат жерге 22 000 қазақстандық аттанған. Олардың арасында мыңнан аса ақтөбелік бар.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу