Шығыс Қазақстан облысы: Ауған соғысында мерт болғандарды еске алуға арналған автошеру өтті
Интернационал-жауынгерлер ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай, семейлік жастар жат жерде көз жұмған сарбаздарды еске алу мақсатында автошеру өткізді.
Шараны ұйымдастырушылар – «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жастар орталығы». Ұйым өкілдері ғаламтор арқылы жастар арасында Ауған соғысы туралы ақпарат таратып, акцияға үн қосуға шақырды.
Осылайша, мерт болған сарбаздардың рухына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған автошеруге Ауған соғысының ардагерлерімен бірге белсенді жастар да атсалысты.
Автошеруге қатысушылар аспалы көпір арқылы қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңына жиналды.
Олжас Мысыр, жастар орталығының маманы:
Жастардың өздерінің қызығушылығы болды. Көлігі бар жастар өз еріктерімен келіп, арамызға қосылып, осындай шерудің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Шерушілер Ауған соғысы ардагерлерімен бірге ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жауынгерлер рухына тағзым етті. «Өскелең ұрпақ осылайша тарихтан тағылым, өткеннен өнеге алса, батырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды»,- дейді ардагерлер.
Боранбай Бегатов, қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы:
Кезінде осы жастар сияқты 18 жастағы сарбаздар қаза тапқан. Ауған соғысында борышын орындаған ағаларын, Семейден шыққан батырларды еске алып жатса әрине, бұл – келешек жастар үшін үлкен тәрбие болады.
Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың адам қатысса, соның 761-і мерт болған. Бүгінде қаламызда 500-ге жуық интернационал- жауынгер бар. Ардагерлер тәрбиелік маңызы зор шараны өткізген жастарға алғыстарын білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай патриоттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Бақыт ТОПТАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06