Астанадағы №59 мектеп ұжымы Бақытжан Ертаев және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы №59 мектеп ұжымы Бақытжан Ертаев және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

12.12.2014
Астанадағы №59 мектеп ұжымы Бақытжан Ертаев және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Жас өрендер халық қаһарманын әскери тәртіпке сай, тік тұрып қарсы алды.

Сонымен қатар, кездесуде соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, би биленді. Әсем ән иіріміне берілген мәртебелі мейман да шыдап отыра алмады.

Темірдей тәртіппен қатар, қажетті кезде шыр айналып билеудің қас шебері екенін үлгі етті.

Ән-күй әуендеп, ел тарихынан сыр шертер қойылымдар сахналанды. Жиылған жұрт бұл жаңашылдықты оң бағалады.  

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу