Қарағандыда өртеніп кеткен 8 пәтерлі үйдің тұрғындарына жаңадан баспана салынатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда өртеніп кеткен 8 пәтерлі үйдің тұрғындарына жаңадан баспана салынатын болды

26.04.2018

Далада қалған жандарға «Meyirimdi Asyl Adam» қоғамдық қоры мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Бақытты отбасы» акциясы аясында көмектеседі. Игілікті іске «Жас Отан» жастар қанатының 500-ден астам еріктісі атсалысуда. Арнайы құрылған қорға қайырымды жандардан жиналған қаражатқа жаңа үй салынады. Шуақты жобаның құны - 58 миллион теңге.

8 пәтерлі ескі үй бұзылып, орнына қыркүйек айына дейін 12 пәтерлі баспана тұрғызылады. Соның 8 пәтері бұрынғы тұрғындарға беріледі. Ал қалған төрт пәтердің екеуінің кілті әлеуметтік жағдайы нашар қарағандылық екі отбасыға табыс етілмек. Енді бірі үй құрылысына қатысқан еріктілер арасында ұтысқа ойнатылады. Ал, тағы бір пәтер тосынсый болмақ. Оған қол жеткізу үшін республиканың кез келген түкпіріндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы жобаға қатыса алады.

Көңілбай Шүкенов, «Meirimdi Asyl Adam» қоғамдық қорының негізін қалаушы:

- Бұл жерде тағы бір пәтер тосынсый. Халықтың дауыс беруі арқылы анықталатын «Бақытты отбасы» деген жоба бар. Ол үшін отбасылар «Аsylаdam.org» сайтына хат жазулары керек.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу