Ахметжан Есімов жаңа пәтер кілттерін табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов жаңа пәтер кілттерін табыстады

28.08.2014
Ахметжан Есімов жаңа пәтер кілттерін табыстады

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасының қатысушыларына жаңа пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа 16 қабатты тұрғын үйге «ескі үйлердің орнына жаңа үйлер» жүйесіне енген Әуезов ауданының тұрғындары ие болды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қалада ескі үйлер бағдарламасы жасалған болатын. Оған қаладағы 7 ауданда 563 пәтерлі 55 ескі үй сүріліп, орнына 2784 пәтерлі 61 жаңа үй салынатын болады», - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда бұл бағдарлама одан әрі жалғасады. Осыған сәйкес қаланың жеті ауданында үйлер салынатын жер учаскелері таңдап алынды. Мұндағы жаңа үйлерге ескі пәтер иелері қоныстанатын болады.

Қоныстанушыларға «пәтерге-пәтер» жүйесі бойынша пәтерлер беріледі. Осылайша, 55 ескі үйдің иелері жаңа қоныс тойын атап өтпек.

Жалпы, қалада осы бағдарлама бойынша 61 үй салынды. 2013 жылы жалпы көлемі 9,5 текше метр болатын 197 пәтерлі 7 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2014 жылы 503 пәтерлі 17 үй құрылысы аяқталмақ. Ал 2015 жылы тағы да 37 тұрғын үй салынатын болады.

Хабарламаларға жазылу