Петропавлдың Жұмысшы кентінде үй өртеніп, екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдың Жұмысшы кентінде үй өртеніп, екі адам қайтыс болды

08.07.2021

Петропавлдың Жұмысшы кентінде қос пәтерлі үй өртеніп, екі адам қайтыс болды. Болжам бойынша от темекі тұқылынан шыққан.

Тілсіз жаудың кесірінен зейнеткер мен оның 36 жастағы қызы көз жұмды. Үйде тағы екі жасөспірім болған. Олар сыртқа шығып үлгерген. Тілсіз жау көрші үйге лап қойып, шатыры жанып кетті. Баспана тұруға жарамсыз болып қалды, тұрғындар әзірге туыстарының үйін паналайды.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу