Астанада Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған конференция өтті

16.02.2024

«Бердібек Сапарбаев тұлғасы: дағдарыс-менеджер феномені». Астанада осындай атаумен мемлекет және қоғам қайраткерін еске алуға арналған республикалық конференция өтті. Жиынға Бердібек Мәшбекұлымен қызметтес, үзеңгілес болған қоғам, мемлекет қайреткерлері, Парламент депутаттары, ғылыми-мәдени қауымдастықтардың көрнекті өкілдері қатысты. Олар халқына қадірлі, елеулі тұлғаның өмір баянын, еңбек жолын және артында қалдырған мұрасын зерделеп, насихаттау жағын талқылады. Ал, Парламент Мәжілісінің төрағасы – Ерлан Қошанов мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Қазақстанның 5 өңірін басқарған білікті басшысының тәжірибесі жастарға үлгі деді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Ол әрі жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетеушілік етіп парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі мен адал қызметі жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Б.Сапарбаев туралы екі кітап жарыққа шықты

Жиын барысында Бердібек Сапарбаевқа арналған екі бірдей кітапттың тұсауы кесілді. «Өнегелі өмір» деп аталатын туындыда мемлекет және қоғам қайраткерінің жеткен жетістіктері, мақалалары, өміріне қатысты тың мәліметтер енгізілген. Ал «Ерен де берен Бердібек» кітабына Бердібек Мәшұлының 130-ға жуық замандас, үлеңгілестері ол туралы өз естеліктерін жазған.

Ғалымқайыр Мұтанов, «Өнегелі өмір» кітабының бас редакторы:

Ұлтымызда өнеге болатын тұлғалар көп. Бірақ олардың еңбегі ұмытылмауы керек. Сонымен қатар осындай адам кім болып еді деген кезде соны жан-жақтан іздемей бір кітаптан табатын мүмкіндік тудыру. Өзі серияның атынан байқалып тұр «Өнегелі өмір» шынында да еліміздің тұлғаларын осы кітапқа ендіру арқылы болашаққа өнеге қылып көрсетіп отырмыз.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу