Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Томирис Байсафаның мәселесіне қатысты акпарат таратты

16.04.2018

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлаған қазақстандық студент қыздың халі ауыр. Бұл ақпаратты біздің арнаға телефон арқылы сұхбат берген СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов растады.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Ресейдегі дипломаттарымыз аурухана дәрігерлерімен үнемі байланыста. Олардың айтуынша, қыздың жағдайы әлі ауыр. Дәрігерлер қажетті іс-шараны қолданып жатыр. Оның ата-анасына Мәскеуде біздің дипломаттар көмек көрсетуде. Ресейдің тергеу орындары осы оқиға бойынша іс қозғады. Қазір тиісті тергеу жұмыстары жалғасуда.  

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу