Шығыс Қазақстанда су басқан аймақтардағы бүлінген үйлер бір айда жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда су басқан аймақтардағы бүлінген үйлер бір айда жөнделеді

12.04.2018

«Шығыс Қазақстанда су басқан аймақтардағы бүлінген үйлер мамыр айына дейін қалпына келтіріледі». Осылай деп уәде еткен Даниал Ахметов Глубокое ауданының әкіміне ескерту жасады. Аудан басшысы құрылыс материалдарын таратып, бар жұмысты тұрғындардың  мойнына жүктеп қойған. Қазір Глубокое ауданына қарасты Белоусовка және Предгорное ауылдарында жағдай тұрақты. 626 адам үйлеріне оралды. Тағы 86 тұрғын туыстарының үйлерін паналап отыр. Жалпы комиссия суда қалған 184 үйді тексерді. Оның 109-ы тазартылды. 11 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Баспаналары тұруға жарамсыз деп табылған 8 отбасы басқа үймен қамтылады. Ал, Зырян ауданындағы ахуал әлі де мәз емес. Мұнда 29 үй суда тұрғандықтан қалпына келтіру жұмыстары әзірге жүргізілмеген. 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Глубокое ауданына қатысты айтатын болсақ, 10 үй мүлдем жарамсыз болып қалды. Әкімдік жедел түрде керек шараларды қолдана білді. 10 үй  сенбі күні иелеріне табысталады. 143 үй жарамды деп табылып, қазір оның 72-де жөндеу жүріп жатыр. Жоғары санатты жұмысшыларды алдыңыздар деген сенімдемін. Осы айдың соңына дейін жұмыстар аяқталып қалуы керек. 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу