Аягөз қаласындағы су тасқынынан бүлінген үйлер тегіс жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөз қаласындағы су тасқынынан бүлінген үйлер тегіс жөнделеді

28.03.2018

Баспаналарды қалпына келтіру үшін 259 миллион теңге бөлінді. Үйлердің барлығын арнайы комиссия тексеріп шықты. Облыс әкімі Даниал Ахметов кеше Аягөзге тағы барып қайтты. Қасына құрылыс компанияларының жетекшілерін ерткен аймақ басшысы қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрсетті. Судан зардап шеккен үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесті. Бүгінде 100 үйді бастан-аяқ жөндеу бойынша жобалық смета дайын. Олардың 30-ын Аягөздегі құрылысшылар қалпына келтірмек. Ал, қалғандары Семей қаласы мен Тарбағатай ауданындағы құрылыс фирмаларына тапсырылды.

Әсемхан Досқұжанов, құрылыс компанияның басшысы:

- Жобалау институттары жоба жасап жатыр. Дүйсенбі күні жұмысқа шығып, 15 күн ішінде бәрін бітіреміз. Жер кепкен жоқ, қабырғасы сыз деп айтады. Бізде оны кептіретін құралдар бар.

 

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу