СҚО-да бірнеше үйге су кірген
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Чапаев ауылында үйлердің ауласы мен қора-қопсыны су басты. Қазір көшеде көлік түгіл, адам аяқ алып жүре алмайды. Жұрт жұмысқа жете алмай, балалар сабақтан қалған. Кей тұрғындардың малы қорадағы суға тұншығып өлген. Бірнеше тұрғын үйге су кірген.
Гүлбаһрам манжанова, ауыл тұрғыны:
Бұл қар ағып келіп жатыр бізге, су болып. Бүкіл қорамыздағы малымыз өліп жатыр. Менің 4 қозым өліп қалды. Ана Қасиеттің бұзауы өліп қалды. Дұрыс па? Сиыры құлап жатыр. Ешкім тыңдамайды, біздің жанайқайымызды.
Тұрғындардың айтуынша айналаны су басқанына бір апта болған. Көшедегі қар дер кезінде тазаланбады дейді көпшілік. Қазір бүлінген үйлер мен қора-қопсы есепке алынып жатыр. Негізінен ауыл шетіндегі үйлерді су басқан. Бұл баспаналарда теріскейге түстіктен «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныс аударған азаматтар тұрып жатыр.
Бақытжан Ташева, Қызылжар ауылдық округінің әкімі:
Чапаев ауылында үш күн бұрын жұмысқа кірістік. Жыра қазып, жиналған суды тәулік бойы техникамен сорып жатырмыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14