Назарбаев университетінде І Орта Азиялық ғылыми-зерттеу форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев университетінде І Орта Азиялық ғылыми-зерттеу форумы өтуде

06.04.2018

«Ғылым мен бизнес келешек үшін бірлесе жұмыс істеу керек». Назарбаев университетінде басталған І Орта Азиялық ғылыми-зерттеу форумы осындай ұранмен өтіп жатыр. Бес жыл бұрын «Болашақ» стипендиаттары Лондонда ғылыми жиын өткізу туралы бастама көтерген. Форум 2013 жылдан бері Ұлыбританияда ұйымдастырылып келеді.

Мақсат – Қазақстан мен Орта Азия елдерінде ғылымды жетілдіргісі келетін азаматтардың басын қосу. Бұл саланың дамуына іскерлік ортаны тарту. Шетелде үлкен қолдауға ие болған басқосу биыл Астанада алғаш рет қолға алынды. Оған ғалымдар, студенттермен қатар, ұлттық компания өкілдері де қатысты.

Илесанми Адесида, Назарбаев университетінің провосты:

- Студент-жастарды ғылымға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту үшін мұндай форумдардың маңызы зор. Біз тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия елдерінде де ғылымның дамығанын қалаймыз. Сондықтан, жетекші оқу орны ретінде көрші аймақтардағы студенттерді оқуға шақырамыз, түрлі бағдарламалар ұйымдастырамыз. Жастардың ғылыммен айналысқысы келетініне қатты қуанамын.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу