Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасының» гранттарын тапсыру салтанаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасының» гранттарын тапсыру салтанаты өтеді

17.09.2015
Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасының» гранттарын тапсыру салтанаты өтеді

18 қыркүйек, сағат 10:00-де Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы байқауының жеңімпаздарына стипендиялар мен гранттарды тапсыру салтанаты өтеді.

Байқау жас ғалымдарды қолдау және елдегі жетекші университет студенттерінің фармацевтика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға бағытталған.

 «SANTO Академиялық бағдарламасы» 2013 жылы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында қолға алынған жоба.

Шара ұйымдастырушысы - «Santo Member of Polpharma Group» сауда белгісімен еліміздегі фармацевтика нарығындағы көшбасшы саналатын «Химфарм» акционерлік қоғамы.  

Хабарламаларға жазылу