Назарбаев университетінде технопарк ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев университетінде технопарк ашылды

18.07.2014
Назарбаев университетінде технопарк ашылды

Жаңа кезеңге - жаңа жобалармен. Бүгін Назарбаев университеті жанынан құрылған технопарктың ашылу салтанаты өтті. Жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын орталық Назарбаев университетінде интеллектуалды инновациялық кластердің жоспары мен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұнда құрылған жүйе ғылыми мүмкіндіктерді жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар, бюрократиялық мәселелерді жоюға, өндірістік орта және шағын бизнесті ашуға, өндірістік шығындарды азайтуға көмек береді. Қазіргі таңда технопаркте 7 жоба құрылып жатыр. Орталықтың ашылуы еліміздегі ғылым мен өндірістің білім жүйесімен өзара байланыста болуына септігін тигізеді. 

Аслан Сарінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Бүгін біз Назарбаев университетінде алғашқы технопаркті ашып отырмыз. Бұл өте маңызды жоба. Өйткені, қазіргі кезде Назарбаев университеті халықаралық ғылыми-зерттеу университеті болып  отыр. Ғылыми-зерттеу жобаларын біз нарыққа таратуымыз керек.  Технопарктың негізгі мақсаты – жобаларға көмек жасау, қолдау көрсету.

Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ

Хабарламаларға жазылу