Ауыл шаруашылығы саласы автоматтандырылады

06.04.2018

Агроөндіріс кешенінде көрсетілетін 100-ден аса мемлекеттік қызмет автоматтандырылады. Бұл туралы елордада өткен алқалы жиында айтылды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев осы саланы цифрландыру бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндап берді. Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап агроөндіріс кешенінің өнімдерін бастан-аяқ бақылайтын арнайы жүйе іске қосылады. Сондай-ақ, осы саладағы жүргізілетін конкурстар 100 пайыз электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл қадам пайдалануға берілетін жер учаскелерін ашық түрде бөлуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік туғызады. Цифрландыруға IT компаниялар тартылатын болады. «Олар нарыққа өздерінің бағдарламаларын ұсынулары қажет»,- дейді вице-министр.

Хабарламаларға жазылу