Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды

03.04.2018

Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастаманы түсіндіруде. Хромтау ауданының тұрғындарымен кездесіп, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берді. Жаңа оқу жылында қосымша 20 мың грант бөлінеді. Жастарға көрсетілген қолдаудың нәтижесінде ІТ, нанотехнология, инженер және робототехника салаларын дамыту көзделіп отыр. Жаңа технологияны меңгеру үшін білікті мамандар керек. Әсіресе, машина жасау саласы жыл сайын қарыштап дамып келеді. Сондықтан, бұл сала да сауатты кадрларды қажет етеді. «Оның үстіне, бұған қатысты жергілікті кәсіпкерлердің өздері бастама көтеріп отыр», - дейді депутаттар.

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кәсіпкерлердің арасында осындай бастамалар бар. Қазір темір балқытатын машина жасау саласында жоғары шынықтырылған темір керек. Соны балқытатын зауыт салу бастамалары көтеріліп жатыр. Оның бәрін қолдаймыз. 

Хабарламаларға жазылу