Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Петропавлға барды

06.02.2019

Өңірлерді аралап жүрген Мәжіліс депутаттары бүгін Петропавлға барды. Ең ірі кәсіпорындардың  бірі «Киров атындағы зауыт» жұмысшыларымен кездесті. Өндіріс ошағын аралап көрді. Қазір мұнда қорғаныс саласына қажетті өнімдер, цифрлық телевизия, теміржол автоматикасы, мұнай-газ өндірісіне қажетті қондырғылармен қоса, арнайы байланыс құралдарын шығарады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын жұмысы жанданып, өндіріс көлемі артып келеді.  

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі уақытта Қазақстанда Қарулы күштерге жұмыс істейтін қырықтан астам зауыт бар. Соның бәрі бүгінгі күні жақсарып келе жатыр. Соны депутаттар ретінде, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде міндетті түрде қарауымыз керек. Олардың ұсыныстары болатын болса, Парламентте қарастырамыз.

 Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу