Ақтөбе: Мәжіліс депутаттары байланыс саласы қызметкерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе: Мәжіліс депутаттары байланыс саласы қызметкерлерімен кездесті

01.06.2022

Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары Ғалымжан Елеуов пен Аманғали Бердалин «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының облыстағы қызметкерлерімен кездесті. Қазір ұжымда 500-ге жуық адам еңбек етеді.

Мекеме мамандары білім беру, денсаулық сақтау нысандарын жылдамдығы жоғары ғаламтормен қамтамасыз етіп келеді. Алдағы уақытта да түрлі инновациялық жоба жүзеге асырыла бермек. Мәжіліс депутаттары ұжымның алдағы саяси науқан кезінде де белсенділік танытарына сенім білдірді.

Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Суперпрезиденттік моделден президенттік модельге ауысуымыз, партиялар бәсекелестігіне мүмкіндік берілуі және демократиялық қоғамға ауысуымыздың өзін халық қуана қабылдап жатыр. 5 маусымда халық келіп, өзінің даусын береді деген үміттеміз.


Хабарламаларға жазылу