Депутаттар жұмыс сапарымен Қытайға барды

28.10.2014
Депутаттар жұмыс сапарымен Қытайға  барды

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды.

Халық қалаулылары көршілес мемлекеттің бірқатар мекеме басшыларымен жүздесіп, өзара ынтымақтастықтың жаңа  жолдарын талқылады.

Қазақстандық делегация өкілдері алдымен «Қытай шетелдермен достық қоғамы» басшылығымен кездесті.

Бұл - 120 мемлекеттегі 370 халықтық бірлестіктермен тығыз байланыс орнатқан  құзырлы мекеме.

Кездесу барысында Елбасы қоры мен аталмыш қоғам арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу