Елімізде геологиялық мәліметтер жинақталған жүйе құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде геологиялық мәліметтер жинақталған жүйе құрылады

19.05.2022

Елімізде геологиялық мәліметтер жинақталған ақпараттық жүйе құрылмақ. Геологтар мен инвесторларға арналған пайдалы қазбалардың атласы жаңа кен орындарын игеруге мүмкіндік береді. Бұл жайында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді. Қазір, Жезқазған, Теміртау, Хромтау сияқты бірнеше қаланың маңынан жаңа кен көздерін іздеу басталды. Экономикасының негізін тау-кен металлургия кешені құрайтын бұл моноқалаларда 12 жаңа кен орындары ашылмақ. Онда сирек кездесетін металл- литийдің бай қоры болуы мүмкін. Еліміз бойынша пайдалы қазбалар картасын жасақтау мен барлау жұмыстарына 1700 жеңілдетілген лицензия бөлінген.

Асхат Пішенбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Геология комитеті төрағасының орынбасары:

Сол 1700 лицензиямен геологиялық барлау жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Осы жұмыс аясында Қарағанды қаласында лобаратория ашылды. бұл зертхана тау кен жыныстарын шетелге шығармай-ақ Қазақстанда зерттеуге мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу