Елімізде уран кен орындары қараусыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде уран кен орындары қараусыз қалған

11.02.2021

Елімізде кейбір уран кен орындары қараусыз қалып отыр. Сенатта атом энергиясын пайдалану туралы заңға енгізілетін өзгерістерді талқылау кезінде депутат Сергей Ершов осы мәселені көтерді. Айтуынша, қазір Ақмола облысына қарасты Степногорск, Красногорск өңірлеріндегі уран кендері ашық-шашық жатыр. Ешқандай күзет қойылмаған. Бақылау жоқ. Ескі техникалар кен орнында қалған. Ал жақын маңдағы халыққа радиациялық қауіптің қаншалықты зиян екені ешкімге беймәлім, - дейді сенатор.

Сергей Ершов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біз бұл сұрақтарды орынбасарларыңызға, қарамағыңыздағы қызметкерлерге қойған едік. Өкінішке орай, ешқандай жауап ала алмадық. Радиациялық қауіпсіздікке қатысты осы мәселені қалай шешуге болады?
Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:
Заңда радиациялық, ядролық және ядролық-физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормалары бар. Соның шеңберінде тиісті шаралар жүргізіледі. Сіз көтеріп отырған мәселе мен ескертулеріңізге қатысты рұқсат етсеңіз, мен жазбаша түрде жауап беремін.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу