Семейде Ертістің деңгейі күрт көтеріліп Түйемойнақ аралын су алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Ертістің деңгейі күрт көтеріліп Түйемойнақ аралын су алды

28.03.2018

Семейде Ертістің деңгейі күрт көтеріліп, Түйемойнақ аралындағы бірнеше үйді су басқан. Қазір 97 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Мамандар Ертіс жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізіп, су жайылған аумақта бөгеттер орнатып жатыр. Қалалық шұғыл штабтың хабарлауынша, Мирный елді мекеніндегі тұрғын үйлер мен өзенге жақын орналасқан Шығыс кентінің көшелерін су басу қаупі бар. Қазір онда бекеттер қойылған, күзет жұмыс істеуде. Азаматтық қорғаныстың барлық қызметтері дайын. Ал, Түйемойнақ аралынан көшірілген тұрғындар қаладағы қонақүйлерге орналастырылған.

Қорлаш Қажыбаева, қала тұрғыны:

- Таңғы 04:00-ден бастап су келді. Су келгеннен кейін, бізді эвакуациялап, қонақүйге әкелді. Жағдайымыз жақсы. Жатар орнымыз жылы. Тамақ беріп жатыр. Тек үйдегі төсек орнымыз, бәрі суға кетіп қала ма деп уайымдаймыз. Бала-шағаның киімі, малымыз қалды.

Хабарламаларға жазылу